"Дұрыс пайдалана алмай отырмыз": Гүлзира Айдарбекова еліміздегі туризм саласына қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 523.17
  • 550.06
0 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дұрыс пайдалана алмай отырмыз": Гүлзира Айдарбекова еліміздегі туризм саласына қатысты пікір білдірді

"Дұрыс пайдалана алмай отырмыз": Гүлзира Айдарбекова еліміздегі туризм саласына қатысты пікір білдірді

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова еліміздегі туризм саласының дамымай отырғанына күйінді.

  • 19 Тамыз
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Бүгінде өнер иесі Европаның түрлі қалаларын аралап, саяхаттап жүр. 

“Бізде барына бар-ау, Алланың берген кереметін дұрыс пайдалана алмай жатырмыз. Ең болмағанда Түркия сияқты, тамағы мен бүкіл жағдайды сол төлемнің ішіне енгізіп, тазалықты сақтаса жақсы болар еді. Судың жағасына ақ тас пен ақ құм төгіп тастап, бар жағдайды жасауға болады. Өзге елді көрген сайын еліміздің туризм саласы да дәл осындай болса деп армандаймын. Біз және бүкіл әлем жылына қаншама адам ағылып, ақша тастап кетіп өз елдерін байытып, бағып отыр. Қаншама кісілерге жұмыс та табылар еді. Бір-бірін алдап ақылын сатпай, еңбегімен табыс табады. Сол кезде біздің ел туристермен-ақ бай-қуатты болар еді. Елімізге көліктердің айыппұлынан-ақ қаншама миллиард түсіп жатыр. Сол ақшаларды пайдаланса ғой, еліміздің көркеюіне. Әттең тонның қысқасы-ай болып тұр ғой бізде”, – деп жазды продюсер.  

Сонымен қатар продюсер сән әлемінің отаны Милан қаласын көрсетіп, бренд дүкендерді аралады.

“Әлем бойынша әйгілі сән отаны және дәмді пиццасымен танылған, тарихы терең – Италия. Милан қаласы. 2024 жылдан естелік болсын! Менің оқырмандарыма да осы жерге келуді тілеймін. Бүкіл әлемді аралау бұйырсын!”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.