"Дұрыстап амандаспаған". Таразда мектеп оқушысы құрдасының қолын сындырды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дұрыстап амандаспаған". Таразда мектеп оқушысы құрдасының қолын сындырды

"Дұрыстап амандаспаған". Таразда мектеп оқушысы құрдасының қолын сындырды

Таразда 13 жастағы жасөспірім екі қолдап амандаспаған құрдасының қолын сындырған.

  • 2 Наурыз 2023
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "НеМолчи" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилова мәлімдеді. Полицейлер ақпаратты растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғам қайраткері Дина Таңсари жарақат алған оқушының екі сүйегі сынғанын айтты. Бұл ретте кінәлі 14-ке толмағандықтан қылмыстық іс қозғалмаған. Сондай-ақ, ата-аналарға қатысты ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін" іс сотқа жіберілмеген.

t.me/dina_tansari

Жамбыл облыстық полициясының баспасөз қызметі оқиға 27 қаңтарда сағат 19:00-де болғанын хабарлады. Баланың анасы 14 ақпанда полицияға 13 жастағы бала 14 жастағы ұлын жарақаттағаны туралы арызданған.

"Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") бойынша сотплды тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді, алайда ҚР Қылмыстық кодексінің 15-бабына сәйкес, 16 жасқа толмаған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды", — деді полициядағылар.


Полиция қызметкерлері 13 жастағы кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігі бойынша "Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасауға әкеп соққан тәрбие жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама жасады. Бала Тараз қалалық ПБ екінші полиция бөлімшесіне профилактикалық есепке алынған.