Душанбе қаласында болған жарылыс дерегі бойынша "Лаңкестік әрекет" деген қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбе қаласында болған жарылыс дерегі бойынша "Лаңкестік әрекет" деген қылмыстық іс қозғалды

Душанбе қаласында болған жарылыс дерегі бойынша "Лаңкестік әрекет" деген қылмыстық іс қозғалды

Тәжікстан қауіпсіздік министрлігінің тергеу басқармасы 31-қаңтарда Душанбе қаласында Тәжікстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі ғимаратының жанында болған жарылыс дерегі бойынша ТР Қылмыстық кодексінің "Лаңкестік әрекет" жөніндегі 179-бабы, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Тәжікстан қауіпсіздік министрлігінің тергеу басқармасынан хабарлады.

  • 2 Ақпан 2005
  • 422
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 3-қаңтар күні таңертең Тәжікстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі ғимаратының жанында ГАЗ-24 автокөлігі жарылған. Автокөліктің 40 жастағы жүргізушісі қаза тапты. Жарылыстан 10 адам зардап шекті. Олардың бесеуі Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің қызметкерлері. Сонымен бірге Төтенше жағдайлар жөніндегі министрдің орынбасары Махмадулло Халимовтың ақпараты бойынша жарылыс салдарынан бес бірдей жеңіл көлік тұтанып, олардың екеуі толық жанып кеткен.

Тәуелсіз сарапшылардың бағалауынша, жарылыс қуаты 1,5 кило тротил эквивалентіне тең.

Перейти к новостям спорта