Душанбе қаласында қыркүйектің екінші жартысында ТМД елдері ішкі істер министрлерінің кездесуі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбе қаласында  қыркүйектің екінші жартысында ТМД елдері ішкі істер министрлерінің кездесуі өтеді

Душанбе қаласында қыркүйектің екінші жартысында ТМД елдері ішкі істер министрлерінің кездесуі өтеді

Трансұлттық қылмыс-қайшылықпен күрес саласындағы өзара ынтымақтастық пен өзара іс-қызмет үйлесімділігін жақсарту мақсатымен қыркүйектің 21-23-жұлдызында Душанбе қаласында ТМД-ға мүше елдердің құқық қорғау органдары басшыларының кездесуі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Тәжікстан Ішкі істер министрлігінен хабарлады.

  • 11 Қыркүйек 2003
  • 470
Фото - Caravan.kz

Кездесуге қатысу үшін Душанбеге Ресей Федерациясының ішкі істер министрі Борис Грызлов келеді деп күтілуде. ІІМ-нің мәліметіне сәйкес, отырыстың күн тәртібінде қылмыспен, лаңкестік және экстремизммен күрестің жаңа тәсілдері және бірлескен іс-қимылдар жөніндегі мәселелер талқыланады деп күтілуде.

ТМД елдері ішкі істер министрлері кеңесінің жиналысында Тәжікстан және Ресей арқылы Ауғанстаннан есірткі таралуымен күрес мәселесіне де айрықша назар аударылмақ.

Соңғы жаңалықтар