Душанбеде 5-6 қарашада Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық қазақ - тәжік комиссиясының алтыншы отырысы өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде 5-6 қарашада Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық қазақ - тәжік комиссиясының алтыншы отырысы өткізіледі

Душанбеде 5-6 қарашада Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық қазақ - тәжік комиссиясының алтыншы отырысы өткізіледі

Астана. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Душанбеде 5-6 қарашада Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық қазақ - тәжік комиссиясының алтыншы отырысы өткізіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 4 Қараша 2008
  • 448
Фото - Caravan.kz

Комиссияның Қазақстан жағынан тең төрағасы — ҚР Қоршаған ортаны қорғау министр Нұрлан Ысқақов. Ал Тәжікстан жағынан тең төрағасы — Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі ТР мемлекеттік комитетінің басшысы Фаррух Хамралиев болып табылады. Аталған отырыс барысында екі жақты түрлі салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі талқыланады.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылдың 9 айында $206 млн 535 мың болды, бұл өткен жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 80,3% артық. Тәжікстаннан $6 млн 470 мың көлемде тауар экспортталып, республикаға әкелінген импорт көлемі $200 млн 65 мыңға жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар