Душанбеде Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық қазақ - тәжік комиссиясының алтыншы отырысы өтті
Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Душанбеде Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі ТР мемлекеттік комитетінің басшысы Фаррух Хамралиев пен комиссияның Қазақстан жағынан тең төрағасы - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министр Нұрлан Ысқақовтың басқаруымен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық қазақ - тәжік комиссиясының алтыншы отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Тәжікстандағы Қазақстан елшілігінің |
хабарламасына сілтеме жасап.
Аталған отырыс барысында екі жақты түрлі салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегі талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға, сондай-ақ, Қазақстан мен Тәжікстанның экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі бағдарламаға қосымша 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспарына қол қойылды.
Сол күні Қазақстан делегациясының жетекшісі Нұрлан Ысқақовтың Тәжікстан Республикасының премьер-министрі Акил Акиловпен кездесуі өтті. Оған Қазақстанның Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елшісі Әбутәліп Ахметов қатысты.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылдың 9 айында $206 млн 535 мың болды, бұл өткен жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 80,3% артық. Тәжікстаннан $6 млн 470 мың көлемде тауар экспортталып, республикаға әкелінген импорт көлемі $200 млн 65 мыңға жетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін