Душанбеде ЕурАзЭҚ елдерінің сақтандыру саласындағы қадағалау және реттеу органдары жетекшілері кеңесінің кезекті отырысы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде ЕурАзЭҚ елдерінің сақтандыру саласындағы қадағалау және реттеу органдары жетекшілері кеңесінің кезекті отырысы аяқталды

Душанбеде ЕурАзЭҚ елдерінің сақтандыру саласындағы қадағалау және реттеу органдары жетекшілері кеңесінің кезекті отырысы аяқталды

ДУШАНБЕ. 29-қараша. Kazakhstan Today. ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы сақтандыру саласындағы қадағалау және реттеу органдары жетекшілері кеңесінің кезекті отырысы 2007-жылдың мамыр айында Мәскеуде өтеді. Осы жөніндегі шешім бүгін Душанбеде өткен отырыста қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Қараша 2006
  • 372
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан қаржы министрлігінің жанындағы сақтандыру саласындағы мемлекеттік қадағалау қызметінің төрағасы Санобар Хомидовтың Kazakhstan Today тілшісіне хабарлағанындай, күн тәртібіндегі барлық 11 мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Мәжіліске қатысушылар екі күнге созылған жиын барысында ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің ұлттық заңнамасын сақтандыру компанияларының іс-қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі халықаралық принциптермен сәйкестендіру жөніндегі келісімнің жобасын талқылады. Сонымен бірге ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің сақтандыру компанияларының тиімді сақтандыру жүйелері мен тәуекелдерді қайта сақтандыру тұжырымдамаларының жобасы мен ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдерде сақтандыру қызметіне лицензия беру саласындағы заңнамасын өзара үйлесімге келтіру жөніндегі нұсқаулардың жобасы сарапқа салынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта