Душанбеде Орталық Азиядағы есірткімен күрес жөніндегі халықаралық конференция өтеді
Душанбе. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан астанасы Душанбеде 21-22 қазанда Орталық Азиядағы есірткімен күрес және шекара мәселесі жөніндегі халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. |
Бас қосуды Тәжікстан президентінің жанындағы есірткіні бақылау агенттігі, ЕҚЫҰ және БҰҰ-ның есірткімен күрес құрылымы (UNODC) бірлесе ұйымдастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін