Душанбеде Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшыларының саммиті аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде Орталық Азиялық  ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшыларының саммиті аяқталды

Душанбеде Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшыларының саммиті аяқталды

Душанбеде Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшыларының саммиті аяқталды,- деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі.

  • 18 Қазан 2004
  • 480
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновтың бүгінгі форум соңында өткізілген баспасөз мәслихатындағы мәлімдемесі бойынша, «бас қосу барысында талқыланған басты мәселелердің бірі — барлық бағытта бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету болды».

«Бесланда болған адамдықтан жат, қатігездік шарықтау шегіне жеткен лаңкестік әрекет бізге осындай қауіп-қатерге тойтарыс беруге лайықты шара табу қажеттігіне көзімізді жеткізді»,- деді Тәжікстан президенті.
Э.Рахмоновтың айтуынша, Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшылары осындай зұлымдықпен күресу үшін күш біріктіру қажеттігін атап өтті. Ресейдің Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүшелікке өтуі ұйымның әлеуеті мен динамикасын арттыра түспек. «Ұйым құрылғаннан бергі 13 жылда біз Ресей жоқ жерде консорциумдар құру қажеттігі туралы бос мәлімдемелер мен әңгімелерден әрі аса алмадық»,- деді Э.Рахмонов.
Ал Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов былай деп мәлімдеді: «Біз Ресейдің осы өңірдегі мүддесін мойындаймыз. Бұл елдің Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүшелікке өтуі заңды құбылыс. Біз өз талқылауларымызда көршімізге артықша түсіп бермесек игі еді деген қауіппен әсіре абайлыққа, сыңаржақтыққа жол береміз. Сол себепті біз Ресейді тек донор ретінде ғана емес, сонымен бірге туындауы мүмкін шиеленісті жағдайларды шешуге қолұшын беретін көмекші ретінде де қарастырамыз. Ресей қай-қашаннан бері проблемалардың түйінін шешуші держава ролін атқарып келеді».
И.Кәрімовтың айтуынша, «лаңкестердің бірнеше дүркін шабуылына ұшыраған Ресей үшін Орталық Азия аймағындағы тыныштықтың маңызы зор».
Ресей Федерациясының Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүшелікке өтуі туралы мәселеге тоқталған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «бұл біздің ұйымның ролін арттыруда айрықша маңызды бетбұрысты кезең болмақ»,- деді. Ол сондай-ақ Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау құқығын Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновқа өткеріп бергенін, ұйымды ол 2005-жылы басқаратынын хабарлады.
Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшыларының саммиті бүгін, дүйсенбіде Душанбеде өтті. Онда РФ ұйымға толыққанды мүшелікке өтіп, Ауғанстан бақылаушы ретінде қабылданды.
Отырыс барысында күн тәртібінде бес түрлі мәселе қаралды. Атап айтсақ, су-энергетикалық, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру туралы тұжырымдама мақұлданып, Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер аумағында іс-қызметіне тыйым салынған лаңкестік және діни экстремистік ұйымдар, олардың жетекшілері мен мүшелерінің тізімін дайындау туралы шешім, Орталық Азия аймақтық ортақ базар құру тұжырымдамасының жобасын бекіту туралы шешімдер қабылданды.

Перейти к новостям спорта