Душанбеде Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандық қолөнер бұйымдарынан көрме өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандық қолөнер бұйымдарынан көрме өтеді

Душанбеде Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандық қолөнер бұйымдарынан көрме өтеді

4-желтоқсанда Душанбеде "Тау өнімдерінің апталығы" деген тақырыпта Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандық қолөнер бұйымдарынан көрме өтеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Желтоқсан 2003
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Кохи Вахдат» деп аталатын кешенде 6 күнге созылатын бұл көрмеге Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандық қолөнершілердің экологиялық таза өнімдері қойылмақшы. Көрмені Тәжікстан Республикасының өнеркәсіп министрлігі мен Орта Азиялық тау бағдарламасы атты ұйым ұйымдастырғалы отыр.

Тәжікстан Республикасының өнеркәсіп министрлігінен хабарлағанындай, көрмеге тек азық-түлік өнімдері ғана емес, жергілікті шикізаттан жасалған қолөнер бұйымдары да қойылады. Көрме мұрағаттары оған қатысушыларға сатылады.

Соңғы жаңалықтар