Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды

Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды

Душанбе. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің қорытындысында Ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 16 Мамыр 2008
  • 397
Фото - Caravan.kz

Келісім аумақтағы жаңа қауіп-қатерге қарсы тұруға төтеп беру жөніндегі күштерді үйлестіру және әскери саласындағы сенімділік шараларын одан әрі нығайтуға бағытталған.

» Кеңес қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен коммюникеде әскери саласындағы мүше мемлекеттер арасындағы өзара ықпалдастық және диалогты кеңейтудің жалпы талпынысы көрсетілді, сондай-ақ ұйым аясында ынтымақтастықтың тиімділік жолдары айқындалды», — деді кеңестің қорытындысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Тәжікстанның қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Шерали Хайруллоев.

«Осы уақытқа дейін бізде бірыңғай ынтымақтастықтың халықаралық ұзақ мерзімді нормативтік актісі болған жоқ, қол қойылған келісім белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін күш жұмсауға шақырады «, — деп атап өтті Ш. Хайруллоев.

Қорғаныс ведомствосының басшысы атап өткеніндей, қауіпсіздікті бірлесе отырып одан әрі күшейту үшін ШЫҰ мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарының тығыз ынтымақтастығын дамытуды көздейді. Сондай-ақ, аумақтарда төтенше жағдайлар туындағанда оларға шұғыл әрекет етудің тетіктері мен шараларын дайындау керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті