Caravan Logo

Душанбеде ШЫҰ саммитінің қарсаңында қауіпсіздік шаралары қатайтылуда

Душанбеде ШЫҰ саммитінің қарсаңында қауіпсіздік шаралары қатайтылуда

Тәжікстанның ІІМ хабарлауынша, қауіпсіздік шаралары негізінен ШЫҰ мүше мемлекеттердің басшыларының отырысы өтетін Душанбе қаласында күшейтіледі.

ІІМ өкілінің айтуынша, шара қарсаңында қала көшелерінде кезекшілік атқаратын милиционерлердің саны бірнеше мәрте ұлғайтылады.

"Арасында ресми делегация және БАҚ өкілдері бар Душанбе қонақтарының саны осы күндері 5 мыңнан асады деп күтіліп отыр", - деп хабарлады республиканың Сыртқы істер министрлігі.