Қала басшысының баспасөз хатшысы Шавкат Саидовтың айтуынша, қаланың «Шохмансур» ауданының тұрғыны осындай мәртебеге ие болды. Ертең бөбектің ата-анасына жаңа пәтердің ордері мен кілтін табыс ету рәсімі өтеді.
ДУШАНБЕ. 14-тамыз. Kazakhstan Today. Ертең, 15-тамызда Душанбе қалалық мэриясы Тәжікстанның 7 миллионыншы тұрғынының атын атайды. Ол Душанбе қаласында 13-тамызда туған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.