Душанбеде ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы әуеден қорғаныс мәселелері жөніндегі комитеттің отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы әуеден қорғаныс мәселелері жөніндегі комитеттің отырысы өтеді

Душанбеде ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы әуеден қорғаныс мәселелері жөніндегі комитеттің отырысы өтеді

Алматы. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Душанбеде 12-13 тамызда ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы әуеден қорғаныс мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД Атқару комитетіне сілтеме жасап.

  • 11 Тамыз 2008
  • 463
Фото - Caravan.kz

Отырысқа қатысушылар бірінші күні комитеттің биылғы жылдың бірінші жартысындағы қызметін қорытындылап, ТМД елдерінің біріккен әуеден қорғаныс жүйесінің 2009 жылға арналған бірлескен шараларының жоспарын талқылайды. Сондай-ақ, өңірлік командалық пункт туралы ережелер, ТМД елдерінің біріккен әуеден қорғаныс жүйесінің құрылымы, әскерлер тобының жауынгерлік құрамы және басқа да мәселелер талқыланады. Екінші күні үйлестіру комитетінің мүшелері оқу-әдістемелік жиынға қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар