DVD-де «Қазақ киносының антологиясы» жинағы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
DVD-де «Қазақ киносының антологиясы» жинағы шықты

DVD-де «Қазақ киносының антологиясы» жинағы шықты

DVD-дегі қазақ киносының антологиясы» жинағы Жаңа жыл қарсаңында шықты, деп хабарлайды «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметі.

  • 4 Қаңтар 2012
  • 594
Фото - Caravan.kz

Жинаққа отандық режиссерлердің 60 жылдардағы классикадан соңғы киножаңалықтарға дейін әр жылдары жасалған туындылары кірді.

Атап айтқанда, оған А.Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» (1963), Ш.Аймановтың «Тақиялы періште» (1968), С.Нарымбетовтың «Жас аккордеоншының өмірбаяны» (1994), Т.Теменов пен И.Пассердің «Көшпенді» (2005), Ф.Шәріповтың «Алқызыл қоян туралы ертегі» (2010), А.Сатаевтың «Жоюшы» (2011) және тағы басқа фильмдер кірді.

Бұрын хабарланғандай, антологияның шығарылуы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Оның тұсаукесері 2011 жылдың 15 желтоқсанында Астанадағы қазақстандық киноның онкүндігі аясында өтті.

Перейти к новостям спорта