Бүгін экс министр марқұм әйелі туралы өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бір қызығы, экс министр сөз сөйлеу барысында орынсыз күлкі мен кекетуге жол берді. Ол сол қылығы үшін, судьядан ескерту де алды.
Бишімбаевтың бұл қылығын атышулы әнші Меруерт Түсіпбаева қатаң сынға алды. Ол желідегі парақшасында:
«Өлген қайтып келіп, өзін ақтай алмайды. Өкінішті!!! Сүйікті әйеліңе оның өлімінен кейін жала жаппау үшін, еркек болып қалуың керек еді. Дүйім жұртқа еркектің өсек айтқаны қалай кетті» деп жазды ол.
Еске сала кетейік, экс ұлттық экономика министрі заңсыз некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп күдіктеліп отыр. Елордада аталған шулы оқиғаға қатысты сот отырысы өтіп жатыр.