«Джаке»: Қытай қазақтары әйгілі Джеки Чанға шапан жауып, қазақша ән айтқызып, би билетіп қойды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Джаке»: Қытай қазақтары әйгілі Джеки Чанға шапан жауып, қазақша ән айтқызып, би билетіп қойды (ВИДЕО)

«Джаке»: Қытай қазақтары әйгілі Джеки Чанға шапан жауып, қазақша ән айтқызып, би билетіп қойды (ВИДЕО)

Желіде әйгілі Джеки Чанның шапан жауып, қазақша ән айтып тұрған сәті тарады.

  • 7 Наурыз 2023
  • 28
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғандай Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды аймағының қазақтары танымал актерге шапан жапқан, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Джеки Чанның шапан киіп, ән айтып тұрған сәті желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды. Онда актердің қазақша ұлттық киім киіп, тіпті қазақ әніне билеп тұрған сәтін анық көруге болады. Сонымен бірге видеода Джеки Чанның «Ақ шашу» әнін шырқап тұрғаны айтылады.

Актер сонымен бірге өзіне тұлпар сыйлағанда тіптен таң қалған.


Желі қолданушылары актерге риза болып, ақ тілектерін жарысы жазып жатыр.

«Рахмет Джеки, біздің балалық шағымыздың ең сүйікті актерісіз», «Қандай текті адамдар, өзге ұлтқа, мәдениетке деген құрметінің өзі қайда жатыр?», «Керемет, аман жүріңіз, рахмет сізге» деп жазды олар.

Перейти к новостям спорта