Джастин Бибер MTV нұсқасы бойынша жыл әншісі атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джастин Бибер MTV нұсқасы бойынша жыл әншісі атанды

Джастин Бибер MTV нұсқасы бойынша жыл әншісі атанды

Канаданың танымал әншісі мен жастардың сүйіктісіне айналған Джастин Бибер Europe Music Awards (EMA) Еуропа сыйақысының «Үздік орындаушысы» аталымында жеңімпаз атанды.

  • 11 Қараша 2013
  • 456
Фото - Caravan.kz

 Салтанатты шара жексенбі Амстердамда өтті. Сыйақыны табыстау шарасының тікелей трансляциясы интернет-сайт арқылы жүргізілді.

Сыйақының 16 аталымы бар. Оларды көрермендер дауыс беру арқылы анықтады. Өткен жылы Бибер үш аталымда жеңімпаз атанған  еді. Биыл ол 2013 жылдың «үздік орындаушысы» мәртебесін ғана сақтап қалды.

Ал «Үздік орындаушы әйел» ретінде көрермендер американдық әнші Кети Пэрриді атады. Бруно Марстың "Locked Out of Heaven" шығармасы «Үздік ән» болып танылды.