Бірақ араларында кейбіреулері, мысалы Дональд Трамп әлеуетті дауыс берушілерге ел проблемаларын шешуге уәде етсе, Джеб Буш жастық шағындағы кейбір келеңсіз әдеттері туралы сыр шертті, деп жазады Правда.Ру.
Сайлау алдындағы пікірсайыстың екінші турында саясаткер 40 жыл бұрын марихуана шеккенін мойындады. LifeNews-тің жазуынша, бұл сырын ашқаннан кейін кіші Джордж Буштың інісі бұл әдетінің «өткен уақытта қалғанына» сендірді.
«Мен мұны мойындаймын, қазір айтқанымды анам естісе, қуанбасына сенімдімін», — деп түйіндеді Джеб Буш.
Еске сала кетейік, осындай әуестенушілігімен кезінде Барак Обама да мақтанған.