Х. Родригес жалпы есепте көшбасшы екендігін айта кету керек. Ол 187 шақырымға созылған кезеңнің басынан аяғына дейін басқа командалардың үздік шабандоздарының шабуылына төтеп бере алды. Тіпті көмбеге жақындаған тұста алға суырылып шығып, кезең жеңімпазы атанды.
Екінші болып Liquigas командасының басты үміті Иван Бассо мәре сызығын қиды. Жалпы Родригестен 30 секундқа қалып келе жатқан Рейдер Хесьедаль (Garmin-Barracuda) үшінші орын алды.
17-кезең бірнеше таулы қыраттардан тұратын суперкөпкүндіктің шешуші бөліктердің бірі. Мамандар осы турда жеңген велошабандоз жалпы есепте бірінші орынға шығып, кейін доданың жеңімпазы атануы мүмкіндігін айтқан болатын. Алайда екінші деңгейлі тау жолында «Астана» командасының көшбасшысы Роман Кройцигер өзінің басты қарсыластарынан қалып қойды. Тағы бір үмітіміз Паоло Тиралонго соңғы бірінші деңгейлі биіктікте қарсыластарын ұзатып алды. Нәтижесінде «Астананың» екі көшбасшысы бірінші алтылыққа екі минуттан астам уақыт есе жіберді.
Жалпы есеп:
1.Хоаким Родригес (Испания, Katusha Team) — 74:46:46;
2. Райдер Хесьедал (Канада, Garmin-Barracuda) +0,30;
3. Иван Бассо (Италия, Liquigas-Cannondale) +1,22;
4. Микеле Скарпони (Италия, Lampre-Isd) +1,36;
…
8. Паоло Тиралонго (Италия, Astana Pro Team) +4,13.