Астана командасының капитаны Винченцо Нибали қызғылт жейденi сақтап қалды. Лонгароне мен Тревизо арасында өткен 134 шақырымдық кезең жазық жолды болды. Сондықтан негiзгi тартыс ұшқыр велошабандоздардың арасында өттi. Кавендиш мәре сызығына жақындаған кезде француз Насер Буанни мен словениялық Лука Мезгецтi басып озып, биылғы көпкүндiкте үшiншi мәрте жеңіске жетті.