деп хабарлайды велокоманданың баспасөз қызметі.
Ару 19 маусым күні Астанада болады. Велошабандоз клубтың бас демеушісі — «Самұрық-Қазына» компаниясының басшылығымен, сонымен қатар «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының жетекшілерімен, Қазақстанның велоспорт федерациясымен, Astanafans мүшелерімен кездеседі деп жоспарлауда. Сондай-ақ спортшы қазақстандық жас спортшыларға шеберлік сыныптарын өткізеді. 20 маусымда велошабандоз Алматыға барады.
Еске сала кетейік, «Астана» қазақстандық велоклубының мүшесі Фабио Ару «Джиро д'Италия» көпкүндігінде үшінші орын алған болатын.