Джиу-джитсу мен грепплингтен 8 дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетова - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джиу-джитсу мен грепплингтен 8 дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетова

Джиу-джитсу мен грепплингтен 8 дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетова

Джиу-джитсу мен грепплингтен 8 дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетова Алматы облысы Іле ауданының тумасы. Бір қызығы, 17 жастағы дарынды спортшыны 9 жасында анасы інісімен бірге осы спорт түріне берген екен. Бұл спортта қыз балалар аз болғандықтан, әу баста Жібек ұлдармен белдесіпті. Бірақ соған қарамастан қаршадай қазақ қызы сан сайыста топ жарған.

  • 7 Маусым
  • 2
Фото - Caravan.kz

«Бұл спортқа енді қатысып жатқанда кезде қыздар аз болатын, сол себепті 12 жасқа дейін ұлдармен күрестім. Қырғызстан мен Қазақстанда өткен жарыста ұлдармен күресіп, чемпион атандым», — дейді Жібек Құлымбетова.

48 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жүрген спортшының бұл жетістігі жаттықтырушыға тікелей байланысты. Джиу-джитсу мен грэпплинг жаттықтырушысы Нұрсұлтан Орынбасаров оның қысқа мерзімдегі жетістігін дарындылығы және спортқа деген қызығушылығының арқасы деп санайды.

«Ең бастысы, жаттықтырушы баланы спортқа қызықтыра білу керек. Егер қызықса, жеңілсе де, жарақат алса да беті қайтпайды. Әдіс-тәсілдерді тез үйренеді», — дейді жаттықтырушысы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Жібек бірнеше жыл қатарынан әлем чемпионы атанып келеді. Ең соңғы рет Абу-Дабиде өткен джиу-джитсудан Азия чемпионатында алтын алқа тағынды. Әзірге, бұл Олимпиадалық спорт түріне кірмеген. Бірақ Жібектің ендігі арманы болашақта Олимпиада чемпионы болу.

«Жаттықтырушым Нұрсұлтан Орынбасаровты үлгі тұтамын, ол кісі болмаса бәлкім, чемпион болмас па едім. Болашақта қазақ қыздарының мықты екенін әлемге танытып, Олимпиада чемпионы болғым келеді. Арманыңа адал, мақсатың айқын болса, жеңіске жеңесің деп ойлаймын. Бастысы, сенім болу керек», — дейді чемпион қыз.