Джиу-джитсу бойынша Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джиу-джитсу бойынша Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

Джиу-джитсу бойынша Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

Сәуір айында Әбу-Дабиде өткен джиу-джитсу бойынша Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 9 алтын, 10 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.

  • 12 Мамыр 2015
  • 315
Фото - Caravan.kz


 Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстан джиу-джитсу және грепплинг» федерациясы вице-президенті, бразилиялық джиу-джитсу спорт түрі бойынша Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Арманжан Рузахунов айтты.  

«Сәуір айында Әбу-Дабиде өткен джиу-джитсу бойынша Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 9 алтын, 10 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды. Бұл жетістік Қазақстан құрамасын ең мықты үш команданың қатарына қосты. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда джиу-джитсудың дамып келе жатқанына көп болған жоқ. Сондықтан Әбу-Дабиде өткен чемпионат маңызды оқиға болды. Жалпы бұл спорт түрі бойынша федерация екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы аз уақыт ішінде көп іс атқардық және солардың нәтижелерін көріп отырмыз», — дейді А. Рузахунов.
Оның айтуынша, Әлем чемпионатына еліміздің атынан 78 спортшы қатысты. Соның ішінде Астана қаласының командасы 4 алтын, 4 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды.

«Біз былтыр да ең мықты үш команданың қатарында болғанбыз. Бірақ, өткен жылғы жарыста жалпы қатысқан спортшылар саны аз болған еді. Былтыр мыңнан астам спортшы қатысса, биыл жүлде үшін таласқандар саны төрт мың адамға жуықтады. Осыған қарап, джиу-джитсу спорты қаншалықты дамып келе жатқанын және ондағы бәсекенің қаншалықты  мықты екенін байқауға болады», — дейді А.Рузахунов.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера