Джохар Өтебеков: "Айжан Байзақова заң бұзған жоқ" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джохар Өтебеков: "Айжан Байзақова заң бұзған жоқ"

Джохар Өтебеков: "Айжан Байзақова заң бұзған жоқ"

Белгілі заңгер Джохар Өтебеков қыз шешіндіріп басы дауда қалған түнгі клубтың басшысы Айжан Байзақованың әрекетінде заңсыздықтың жоқ екенін жазды. Оның пікірінше блогерді жазалағандар – заңға қайшы әрекет екен.

  • 3 Қаңтар 2018
  • 148
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы танымал адвокат өзінің telegram арнасында мәлімдеді.

"Әкімшілік соттың insta-блогерге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін үкім шығаруы заңға сай келмейді. Ол кофехана немесе отбасылық мейрамханада емес, түнгі клубта балағат сөз айтып, қыздар арасында шешінуден конкурс өткізді. Бұл өткізілген орын мен жиналған жұртқа сай келетін іс-әрекет. Мемлекет өз заңын өзі белден басып жатқаны өкінішті-ақ", – деп жазды Өтебеков.

Еске салайық, өткен жылдың 17 желтоқсанында «Zakova» клубы 50 мың теңгеге қыз шешіндіргені үшін көпшіліктің сынына ұшыраған. Кейін бір топ қазақ жігіті бірінен соң бірі «Намысымызды таптады!» деген сарында видеоүндеу жолдаған болатын. Тіпті, эстрада әншілерінің ішінде «Жігіттер» квартетінен Бағлан Әбдрдайымов, «Нұр-Мұқасан» тобынан Мұқасан Шахзадаев та қарап қалмай, өз пікірлерін ашық жазған еді. Мұнан кейін тәртіп сақшылары Айжан Байзақованы 3 күнге қамап тастады.