Джордж Буш өзінің президент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдесе, Джон Керри жеңілгенін мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джордж Буш өзінің президент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдесе, Джон Керри жеңілгенін мойындады

Джордж Буш өзінің президент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдесе, Джон Керри жеңілгенін мойындады

Америка Құрама Штаттарында өткен президент сайлауында Ақ үйдің қазіргі қожайыны, республикалық партияның үміткері Джордж Буш жеңіске жетті. Оның басты қарсыласы, демократиялық партияның үміткері Джон Керри өзінің жеңілгенін мойындады, деп хабарлайды НТВ телеарнасы АҚШ БАҚ-тарына сілтеме жасай отырып.

  • 4 Қараша 2004
  • 552
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдаймен екі штаттағы дауыс беру нәтижелері белгісіз. Алайда, Дж.Буш жеңіске жетті деп нық сеніммен айтуға болады, өйткені ол сайлаушы өкілдердің 274 дауысын жинады. Ал жеңіске жету үшін 270 дауыс жеткілікті болатын. Джон Керри үшін 252 сайлаушы өкіл дауыс берген.

Вашингтона өз жақтастарының алдында сөз сөйлеген Дж.Буш өзінің Ақ үйде өткізетін екінші президенттік мерзімде лаңкестікпен күреске басымдық берілетінін айтты. «Біз лаңкестікке қарсы соғыста ұлттық күш-қуат ресурстарын сарқа пайдаланатын боламыз»,- деген Дж.Буштың сөзін Ресейдің «Новости» ақпараттық агенттігі жариялады.
«Біз Ирак пен Ауғанстандағы жаңадан апыл-тапыл басқан демократияның нығаюы, олардың өз бостандығын қорғай алуы үшін қолұшын беретін боламыз»,- деді АҚШ президенті. Ол сондай-ақ, екінші мерзімде негізгі басымдық берілетін мақсаттар — АҚШ экономикасын нығайту, «ескірген салық кодексін» жаңалау, мемлекеттік зейнетақы жүйесін нығайту, мектептегі білім беру ісіне ықпал жасау, сондай-ақ, «отбасы және сенім тәрізді тұңғиық құндылықтарды» нығайту екенін атап көрсетті.

Перейти к новостям спорта