Дзюдо: Жарысты әдемі бастаған Ислам Бозбаев жарыс жолынан шығып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дзюдо: Жарысты әдемі бастаған Ислам Бозбаев жарыс жолынан шығып қалды

Дзюдо: Жарысты әдемі бастаған Ислам Бозбаев жарыс жолынан шығып қалды

Олимпиада ойындары аясындағы жарыста алғашқы екі кездесуін айқын басымдықпен жеңген Ислам Бозбаев үшінші айналымда неміс спортшысы Оле Бишоптан ұтылып қалды.

  • 31 Шiлде 2012
  • 613
Фото - Caravan.kz

21 жастағы қазақстандық дзюдошы бұның алдында украиндық спортшы Артем Василенкомен, Того елінің дзюдошысы Сачо Денаньонмен жекпе-жектер өткізіп, екеуін де жеңген болатын.

Айта кетейік, И. Бозбаев Олимпиада жарыс жолында дзюдодан қалған Қазақстан құрама командасының жалғыз өкілі болатын.