Бұл туралы Baq.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«ORTUS» Martial Arts» жекпе-жек мектебінің ашылуына орай демалыс күндері өткен дзюдодан 2005-2006, 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында бірінші республикалық ашық турнир өтті.
«Біздің жастарымыз өте белсенді, көбі спортта өздерін көрсеткісі келеді. Біз олардың әлеуетін ашуға тырысып келеміз. Бүгін шығыс жекпе-жек мектебі тек Нұр-Сұлтанда ғана бар. Алдағы уақытта басқа да өңірлерде филиалдарды ашамыз», – дейді турнир ұйымдастырушысы Сергей Пак.
Жарыста барлығы 750 спортшы күш сынасты.