Ол алдымен үндістандық спортшыны тізе бүктірді. Содан кейін екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері өзбекстандық Рашид Сабыровты жеңді. Өкінішке орай, жартылай финалда жапондық спортшы Томофуми Такаджоға есесін жіберіп алды. Қола жүлде үшін күресте Елдос Қытайдан келген Дуанбин Маны жеңіп, үшінші орынға ие болды.
Ал әйелдер арасында өткен белдесуде 63 кг салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен Мариан Ордабаева қола жүлдегер атанды.