Жарияланды: 830

E. Coli инфекциясының басталуына үрме бұршақ өскіні себеп болуы ықтимал

Германияның солтүстігінде өсірілген үрме бұршақ өскіні E. Coli бактериясы туғызатын ішек инфекциясының өршуіне себеп болуы ықтимал, деп хабарлады германдық БАҚ.

Бүлінген үрме бұршақ Төменгі Саксония жеріне қарасты Ильцен ауданындағы фермадан шыққан сыңайлы. Сол жерде шығарылған өнімдерді бірнеше қонақ үйде жеген адамдардың науқастанғандығы белгілі болған. Тексеру қорытындылары бүгін анықталмақ. Төменгі Саксония ауыл шаруашылығы министрі Герт Лидерманның хабарлауынша, бүлінген үрме бұршақ тасымалдады, деп күдік келтірілген компания жабылған және өнімдері қайтарылған. E. Coli инфекциясын Германияның және басқа оншақты елдің 2200 тұрғыны жұқтырып үлгерді, 22 адам қаза болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін