Жарияланды: 400

Е. Ертісбаев ҚФФ департаментінің директоры болған жоқ

Е. Ертісбаев ҚФФ департаментінің директоры болған жоқ

ҚР Президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев ҚФФ-ның Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті жұмысына қоғамдық негізде жетекшілік ететін болады.

Ал бұған дейін ол Қазақстан футбол федерациясының осы құрылымын басқарады деп хабарланған болатын. Бұл туралы ҚФФ-ның осы департаменті басшысы Измаил Бзаров хабарлады, деп жазды Vesti.kz. «Келесі жылы қоғаммен байланыс жөніндегі департаменттің жұмысын күшейту жоспарлануда. Ермұхамет Ертісбаев қоғамдық негізде ҚФФ-ның БАҚ-тармен жұмысына жетекшілік ететін болады. Бұндай бастамамен ол жуырда өткен федерацияның атқарушы комитетінде сөз сөйледі, ол бірауыздан мақұлданды», - деді И. Бзаров. Естеріңізге сала кетейік, Е. Ертісбаев қоғамдық негізде ҚФФ атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады. Сонымен қатар ол ҚР Президентінің кеңесшісі болып қала береді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін