Е. Ертісбаев ҚФФ департаментінің директоры болған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Е. Ертісбаев ҚФФ департаментінің директоры болған жоқ

Е. Ертісбаев ҚФФ департаментінің директоры болған жоқ

ҚР Президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев ҚФФ-ның Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті жұмысына қоғамдық негізде жетекшілік ететін болады.

  • 13 Қараша 2012
  • 390
Фото - Caravan.kz

Ал бұған дейін ол Қазақстан футбол федерациясының осы құрылымын басқарады деп хабарланған болатын.

Бұл туралы ҚФФ-ның осы департаменті басшысы Измаил Бзаров хабарлады, деп жазды Vesti.kz.

«Келесі жылы қоғаммен байланыс жөніндегі департаменттің жұмысын күшейту жоспарлануда. Ермұхамет Ертісбаев қоғамдық негізде ҚФФ-ның БАҚ-тармен жұмысына жетекшілік ететін болады. Бұндай бастамамен ол жуырда өткен федерацияның атқарушы комитетінде сөз сөйледі, ол бірауыздан мақұлданды», — деді И. Бзаров.

Естеріңізге сала кетейік, Е. Ертісбаев қоғамдық негізде ҚФФ атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады. Сонымен қатар ол ҚР Президентінің кеңесшісі болып қала береді.