“Е, неғылады дейсің": Қоғам белсендісі тәртіпке бағынғысы келмегендердің арқасында вирустың тез тарап жатқанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Е, неғылады дейсің": Қоғам белсендісі тәртіпке бағынғысы келмегендердің арқасында вирустың тез тарап жатқанын айтты

“Е, неғылады дейсің": Қоғам белсендісі тәртіпке бағынғысы келмегендердің арқасында вирустың тез тарап жатқанын айтты

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек елдегі, әлемдегі қалыптасқан жағдайға салғырт қараудың салдары вирустың жылдам өршуіне себеп болып отырғанын айтты.

  • 20 Наурыз 2020
  • 214
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Бейғамдық, жауапсыздық, жұртпен бірге көреміз…

Шымкент Қаласының Полиция Департаменті және Шымкент қаласының әкімдік қызметкерлерімен рейдке шықтық.
Біздің халық төтенше жағдай не екенін әлі түспеген сияқты.
“Е неғылады дейсің?, бірінші келсінда сосын көреміз дегендерді де көрдім.
Жалпы тәртіпке бағынғығысы келмейтіндердің арқасында бұл вирус тез тарап жатыр. Өз өзін сыйламағанымен коймай, өзгелерді ауру қылу бұл барып тұрған үлкеү қылмыс!Біраз заңға бағынбағандарға хаттама толтырып, кейбіріне ескерту жасалды.
“Өзің ешкімге керек емес шығарсың, ал мен отбасыма керекпін”- деп қарайық барлық адамға! Денсаулығымызды күтейік! деп жазды Айгүл Орынбек.

Еске салсақ,  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде тағы 5 адамнан коронавирус табылған. Осылайша, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 49 болды. Оның ішінде Алматыда — 22, Нұр-Сұлтанда — 25 және Қарағандыда — 2 жағдай тіркелген.


Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны  222 мыңнан астқан.

Соңғы жаңалықтар