ЕАЭО кедендік қызмет басшылары 16 қыркүйекте Минскіде бірлескен алқа мәжілісіне жиналады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕАЭО кедендік қызмет басшылары 16 қыркүйекте Минскіде бірлескен алқа мәжілісіне жиналады

ЕАЭО кедендік қызмет басшылары 16 қыркүйекте Минскіде бірлескен алқа мәжілісіне жиналады

Еуразиялық экономикалық одақ елдері кеден қызметтерінің басшылары 16 қыркүйекте Минскіде бірлескен алқа мәжілісіне жиналады. 

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 324
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін журналистерге Беларусь Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Юрий Сенько мәлімдеді, деп хабарлады БЕЛТА.

 «Бұл «бестік» кездесетін алғашқы отырыс. Күн тәртібінде — 22 мәселе. Атап айтқанда, әңгіме Қырғызстан кеден қызметінің бұрын бірлескен алқа қабылдаған шешімдерін орындауы жайында. Басқосу барысында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына қолайлы жағдай жасау мақсатында  ЕАЭО аумағына тауарларды транзиттеу кезіндегі кепілді тетіктерді дамытуға қатысты мәселе талқыланады», — деп атап өтті Ю. Сенько.

Сондай-ақ тәуекелдің құндық индикаторларының деңгейі мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерін әкімшілендіру нәтижелерінің біртектілігін жандандыру бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындыларын талқылау жоспарлануда; кедендік бақылауды кедендік декларациялау кезеңінен  және  тауар шығаруды  тауар шығарғаннан кейінгі кезеңге ауыстыру қағидаттарын іске асыру бойынша негізгі бағыттарды пысықтау да көзделіп отыр.


Соңғы жаңалықтар