ЕАЭО және Қытай доллардан бас тартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕАЭО және Қытай доллардан бас тартпақ

ЕАЭО және Қытай доллардан бас тартпақ

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Қытай доллардан бас тартқысы келеді.

  • 28 Қазан 2020
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы "Еуразиялық экономикалық одақ және "Бір белдеу, бір жол" қытайлық бастаманың түйісуі" форумында айтылды.

ЕАЭО және Қытай арасында есептесу кезінде доллар және еуроны пайдалану бизнеспен қоса, сол елдердің бюджетіне шығын келтіреді. Солардан құтылу үшін, сондай-ақ халықаралық санкцияларға тәуелді болмау үшін ЕАЭО және Қытай не ұлттық валютада, не жеке үстіңгі ұлттық валютада есеп айырысу керек.

"Өзіміз бағасын қоймайтын құнмен сауда жасайтынымыз компанияларға көп шығын келтіреді. Сондай-ақ біздің экономикамызды офшорлаудан да аз шығын болмайды", — деді ЕЭК интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі ЕЭК Сергей Глазьев.


Қытай халық университеті Макроэкономикалық зерттеу департаментінің директоры Лю Юй Шудің айтуынша, транзакцияларда үнемдеуге мүмкіндік беретін және қауіптерді жоюдың ең тиімді жолы — цифрлық ұлттық валютада есеп айырысу. Бірақ бұл әзірге талқыланып жатыр.