ЕАЭО-да әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша сабағаттық комитет құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕАЭО-да әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша сабағаттық комитет құрылды

ЕАЭО-да әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша сабағаттық комитет құрылды

ЕЭК-те әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы құқықтарын сақтау, медициналық жәрдем көрсету, ЕАЭО-да еңбек етуші елдердің кәсіби қызметі мәселелері бойынша сабағаттық комитет құрылды.

  • 20 Тамыз 2015
  • 392
Фото - Caravan.kz

ЕЭК алқасының отырысында әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы құқықтарын сақтау, медициналық жәрдем көрсету, ЕАЭО-ға мүше еңбек етуші елдердің кәсіби қызметі мәселелері бойынша сабағаттық комитеттің құрамы анықталды. Сабағаттық комитеттің құрамы ЕАЭО елдері атынан келіп түскен ұсыныстардың негізінде жасақталды. Комитетке ЕАЭО-ға мүше бес елдің мемлекеттік билік органдары, бизнес-қауымдастық, ғылыми және қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар — ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мүше болды.

Комитет ЕЭК-тің жаңа сабағаттық органы болып табылады. Оның құзыретіне әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы құқықтарын сақтау, медициналық жәрдем көрсету, ЕАЭО-ға мүше еңбек етуші елдердің кәсіби қызметі мәселелері саласында өзара келісілген саясат жүргізу кіреді.


Соңғы жаңалықтар