ЕАЭО-та ұлттық валютада өзара есеп айырысуды күшейту жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕАЭО-та ұлттық валютада өзара есеп айырысуды күшейту жоспарлануда

ЕАЭО-та ұлттық валютада өзара есеп айырысуды күшейту жоспарлануда

Еуразиялық экономикалық одақта ұлттық валютада өзара есеп айырысуды күшейту жоспарлануда.

  • 26 Тамыз 2015
  • 492
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы БЕЛТА Еуразиялық экономикалық комиссия баспасөз қызметіне сілтеме жасап ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің экономика, қаржы министрліктері мен орталық (ұлттық) банктерінің басшылары және ЕЭК өкілдерімен Мәскеуде өткен мәжілісі қорытындысы бойынша хабарлады.

Мәжіліс қатысушылары негізгі сыртқы экономикалық үдерістер мен ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер экономикасы дамуының сыртқы және ішкі тәуекелдері мен орта мерзімді перспективаларын талқылады. Сондай-ақ макроэкономикалық және валюталық-қаржылық саясат салаларындағы одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастықтарын тереңдету мәселелері қаралды.

«Мәжіліс қорытындысы бойынша ЕАЭО қаржы институттарының өзара байланысын дамыту бағытын қоса алғанда, макроэкономикалық және валюталық-қаржылық саясат салаларында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын тереңдету бойынша тәсілдерді тұрақты жалғастыруды, одақта ұлттық валютада өзара есеп айырысуды күшейтуді, сондай-ақ келісілген макроэкономикалық саясатты іске асыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасып отыруды шешті», — деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Мәжіліс қатысушылары ЕЭК 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің тапсырмасын орындауда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикасының орнықтылығын арттыру бойынша интеграциялық шаралар туралы баяндамасында макроэкономикалық және валюталық-қаржылық саясат салаларында ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын тереңдету орындылығын ескеруді ұсынды.
Мәжілісте Ресей тарапы қаржы министрлері мен «Жиырма тобы» басқару орталық банктерінің кездесуі қарсаңында «Жиырма тобы» (G20) мен Қаржылық тұрақтылық кеңесінің ағымдағы қызметі туралы ақпарат берді. Бұдан басқа, тараптар 2015 жылғы бірінші жартыжылдықтағы макроэкономикалық саясатты іске асыру нәтижелері мен ЕАЭО мүше елдерде 2015-2016 жылдардағы перспективалар мен басымдықтарды талқылады.


Соңғы жаңалықтар