Еділхан Исмайылов: ұлттық идеяда ең зерделі ғылыми демография мен тарих жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
Еділхан Исмайылов: ұлттық идеяда ең зерделі ғылыми демография мен тарих жатыр

Еділхан Исмайылов: ұлттық идеяда ең зерделі ғылыми демография мен тарих жатыр

Кеңес дәуірінде қазақ тарихына қатысты айтылмай қалған оқиғалар көп болды.

  • 30 Мамыр 2011
  • 672
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстанның тарихи демографиясындағы ақтаңдақтар» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды.

«Демограф Мақаш Тәтімовтің айтуынша, ұлттық идеяда ең зерделі ғылыми демография мен тарих жатыр. Кейбіреулердің тарих туралы айтқандары емес, демография мен тарихтың деректері өте мазмұнды болып есептеледі», — дейді ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Еділхан Исмайылов. Онда саяси ғылымдар докторы, академик Мақаш Тәтімовтің мешін жылғы демографиялық апат туралы тарихи талдауы және саяси танымдық «Зұлмат пен зардап» деп аталатын зерттеу кітабы мен әлеуметтану, демография және саясаттану салалары бойынша «Жаһандану демографиялары» деп аталатын оқу құралының таныстырылымы болды. ҚР Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған бұл шара кезінде «Тәуелсіз Қазақстанның демографиясы» деген тақырыппен көрме ұйымдастырылды. Оған халық санағы туралы қазақ, орыс және тағы басқа да шет тілдердегі 200-ден астам кітаптар жинақталған. Онда сонымен қатар саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхамеджан Тынышбаев секілді алаш зиялыларының еңбектері де қойылған.

Соңғы жаңалықтар