Жарияланды: 520

Efes Қазақстанда үшінші сыра зауытын салуы ықтимал

Efes Қазақстанда үшінші сыра зауытын салуы ықтимал

Efes Kazakhstan Қазақстанның батысында үшінші сыра зауытын салуды жоспарлауда.

"Компанияның Қазақстанның батысында үшінші зауыт салмақ ойы бар. Әзірге шешім қабылданған жоқ, сол себепті не инвестиция көлемі, не мерзімдері белгісіз. Қазір біздің ұсынымыз Ыстамбұлда Efes-тің штаб-пәтерінде қаралуда", деді "Интерфакс-Қазақстанға" Efes Kazakhstan-нің мемлекеттік органдар мен корпоративтік қатынастар жөніндегі директоры Шыңғыс Қаскеев. Сейсенбіде таралған хабарламада атап өтілгендей, Efes Kazakhstan 15 жыл жұмыс ішінде Қазақстан экономикасына 220 млн доллар инвестициялапты. 2012 жылдың қыркүйек айының деректеріне қарағанда, компанияның Қазақстанның сыра рыногындағы үлесі 57% құрады. Efes Kazakhstan Efes, "Карагандинское", "Кружка Свежего", "Белый Медведь", "Любительское", "Жигулевское", Bavaria маркілі сыраларды өндіреді және сатады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін