«1 ғасырлық тарихы бар, арғысы Алаш арыстарынан, берісі егемендіктің елең-алаңынан бері еліміздің жылнамасын жазып жүрген «Егемен Қазақстан» газеті биылғы Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойына тартумен келіп отыр. Ақпарат министрі Дәурен Әскербекұлының ұйғарымы бойынша біз бір айдың көлемінде әлемдік басылымдарды салыстырып, сараптап газетіміздің жаңа макеті мен логотипін жасадық», — деді ол.
Сонымен қатар ол газеттің даму стратегиясының да жасалғанын атап өтті. Ал жаңа логотиптен басылым алғаш рет «Ұшқын» деген атаумен шыққаннан бергі жүріп өткен жолын көруге болады. Түсі еліміздің туы сияқты ақшыл көк.
«Басты жаңалығымыз газет атауын жаңа шрифпен жазылады. Айталық, «Егемен Қазақстан» деген жазудың бояуы, стилі, жазылуы өзгерді. Бояуын таңдаған кезде туымыздың ашық көкшіл түсін таңдап отырмыз. Негізгі бөлімдерде де өзгерістер бар», — деп атап өтті Д.Қыдырәлі.