«Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктірілді

«Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктірілді

«Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктіріліп, дербес «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғам ретінде құрылды. Оның басқарма төрағасы лауазымына Дархан Қыдырәлі тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі мәлімдеді.

  • 4 Мамыр 2021
  • 19
Фото - Caravan.kz

«Өткен ғасырдың басында бір-біріне қанаттаса, бірінен соң бір жарық көрген жүз жылдық жылнамасы бар қос газет – халыққа ақпар жеткізуде өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқара білді. Десе де, бүгінгідей ақпараттық технология қарыштап дамыған интернет дәуірінде дәстүрлі баспасөзді заман көшіне сай жаңғыртып отыру – уақыт талабы. Сондықтан Үкімет қаулысымен қабылданған бұл өзгеріс отандық медианың даму бағытындағы кезекті маңызды қадам деп санаймын», — деп жазды министр.

Екі газетті біріктіру – оның біреуі өз жұмысын тоқтатады дегенді білдірмейді. «Казахстанкая правда» газеті өзінің қалыптасқан брендтік атауын сақтайды. Басылымды мемлекеттік ақпарат тапсырысы аясында қаржылық қолдау жалғасады. Ең бастысы бұл журналистердің шығармашылығына ешқандай кедергі келтірмейді.

«Қайта бір орталыққа біріккен қос басылымның елді ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамту аясы бірізденіп, оқырман алдындағы тартымдылығы мен сапалы контент ұсыну әлеуеті одан ары артады деп ойлаймын. Біріктіру барысында тек әкімшілік-шаруашылық ресурстар қысқарады. Бірінші кезекте әрине қаржы үнемделеді. Бұл өз кезегінде, шығармашылық ұжымның табысын арттырып, сапалық құрамын күшейтуге тың мүмкіндік болмақ. Ең бастысы, республикалық бас басылымдардың мазмұн-контенті жаңа сапаға көтеріліп, бәсекеге қабілеті күшейе түседі деп санаймын», — деді министр.


 

Соңғы жаңалықтар