Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі еске салды.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес тууды тіркеу үшін келесі құжаттардың бірін ұсыну қажет:
● туу туралы куәліктің түпнұсқасы,
● туу туралы актінің көшірмесі,
● туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасы.
Егер ата-анасының некесі шетелде қиылған болса, неке туралы куәлік те қажет болады.
Бала туғаннан кейін екі айдан кешігіп өтініш берілген жағдайда, кешіктіру себебін көрсететін түсіндірме хат қоса берілуі тиіс.
Өтінішті қағаз түрінде немесе электронды түрде eGov.kz порталы арқылы беруге болады, бұл әсіресе шетелде жүргендер үшін ыңғайлы. Қызмет онлайн-өтініш берген жағдайда 3 жұмыс күні ішінде және жеке өтініш бергенде 5 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.