Егер енесі жұмсай берсе келін есікті жауып, кетіп қалу керек - Меруерт Түсіпбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Егер енесі жұмсай берсе келін есікті жауып, кетіп қалу керек - Меруерт Түсіпбаева

Егер енесі жұмсай берсе келін есікті жауып, кетіп қалу керек - Меруерт Түсіпбаева

Меруерт Түсіпбаева келінін күң санайтын енелерге қарсы шықты. Әнші қоғамда біреудің өбектеп өсірген қызын үй қызметшісі ретінде көретін енелердің бар екеніне қынжылды.

  • 20 Қыркүйек 2022
  • 871
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы oinet.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол жалғыз ұлын үйлендірген соң, онымен бірге тұрмайтынын мәлімдеді "Хабар" арнасының "Айнаline" бағдарламасында. Түсіпбаеваның артынан ерген жалғыз ұлы бүгінде 21 жасқа қадам басқан. Әнші ұлы отау құрған соң, онымен бірге тұрмайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Түсіпбаева енесі күн көрсетпейтін келіндерге бөлек тұруға кеңес берді. "Енең күн көрсетпей жатса, сені сыйламаса, онымен бірге тұрма, "сау бол" деп есікті жап та кете бер. Өмір бір-ақ рет беріледі. Мен ертең есейемін. Балам, сені бақтым, енді менің аяғымды жылы суға сал деп қалай айтасың? Мен де жалғыз тұрмаспын. "40 ұлың болғанша, жаныңда бір шалың болсын" деп айтады ғой. Мен заманауи адаммын, қазіргі уақытта отқа, суға қарап отырған жоқпын. Әлі жаспын. Келін келсе, үй де, көлік те дайын. Екі қалада екі үй бар. Баламды сүйсе, сыйласа болды. Ең бастысы, келінім балама адал болса болды. Жүрсін, көрсін, тұрсын. Бірге тұрмаймыз", — деп ағынан жарылды Түсіпбаева.

Соңғы жаңалықтар