Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап берген депутат Бишімбаевтың фото, видеоға түсуге қарсы екенін алға тартты.
«Бұл азаматтық құқықты қорғаумен байланысты. Тіпті жазасын өтеп жатқан азаматтың да өз құқықтары бар. Егер ол өзін көрсеткенін қаламаса, біз оны мәжбүрлей алмаймыз. Кешіріңіз, мен күш құрылымдарының маманы ретінде қаттырақ айтсам, бұл зоопарк емес. Ресми тұлғаларға сену керек, ол жазасын Степногорскідегі қауіпсіздігі жоғары колонияда өтеп жатыр», — деп түсіндірді Қожаев.