Мұндай пікірді «Найман» деген лақап атпен танымал ережесіз жекпе-жектің шебері Қуат Хамитов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Оның бұлайша өткір сөйлеуіне бұрнағы күні мәжіліске жаңа депутаттың келуі себеп болса керек. Ол аты-жөнін нақты атамаса да өз жазбасында былайша тұспалдайды.
«Тағы бір депутат! Қандай еңбегі үшін депутат болғанын түсіндіретін адам бар ма!? Бір күнде депутат болатындай ол не істеді? Бұл, жаттығу залына бір күн де келместен чемпион болу дегенмен бірдей», -деп наразылығын білдіреді.
«Біздің елімізде бар жоғы 16 миллион адам тұрады. Бұл жарты Мәскеудің халқы ғана немесе Шанхайдың жарты тұрғынына тең. Яғни сол қалалардың мэрі біздің барлық шенеуніктердің жұмысын жалғыз әрі жақсы атқарып отыр деген сөз»,- деп билікті де бір түйреп өткен.
Бес жылдан бері өзім жаттығып жүрген Тайландта неге азық түлік құны еш өзгермеді, ал Қазақстанда неге баға сағат сайын құбылады?», — деп сұрақ қояған Қуат Хамитов оған әлеуметтік желіде өзі жауап береді.
«Өйткені, бізде ел үшін жаны күйетін адам жоқ, ал егер маған сенікі қате десе, ертең-ақ өзімді өзім өлтіремін», — депті спортшы.
Еске сала кетсек, кеше Нұр Отан" партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Альберт Рау мәжіліс депутаты болып бекітілді.