Егеуқұйрықтармен күреске Шымкенттің қалалық бюджетінен Т43 млн бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Егеуқұйрықтармен күреске Шымкенттің қалалық бюджетінен Т43 млн бөлінді

Егеуқұйрықтармен күреске Шымкенттің қалалық бюджетінен Т43 млн бөлінді

Шымкентте соңғы 10 жылда алғаш рет егеуқұйрықтармен орталықтандырылған күрес жүргізіледі, қалалық бюджеттен Т43 млнбөлінді,деп хабарлайды қалалық әкімдік.

  • 7 Маусым 2011
  • 386
Фото - Caravan.kz

«Бұл сома керек қаржының тоғыздан бір бөлігі ғана. Қаланы толығымен дәрілеу үшін Т544 млн қажет. Бірақ біз істің қолға алынғанына қуанып отырмыз», — деді қалалық ветеринария бөлімінің маманы Әділхан Сұлтанбеков сейсенбі күні.

Дератизацияның бірінші кезеңін Шымкент арқылы өтетін Қошқар ата өзенінің жағасында, қоқыс жиналатын жерде өткізу туралы шешім қабылданды. Санитарлық дәрігерлердің пікірінше, бұл соңғы жылдары қаланы басып алған егеуқұйрықтардың көбеюін біраз уақытқа болса да, тоқтатуға тиіс.

Қалалық санэпидқадағалау бөлімінің мәліметтеріне сәйкес, егеуқұйрықтар қаланың шеттерінен орталығына да жайылған. Мамандар уланған бидай дәндерінен жасалған тексерілген препаратты қолданады. Күзде егеуқұйрықтармен күрестің екінші кезеңін өткізу жоспарланып отыр.