Егін суаратын суға баға көтеру ауылшаруашылығының өнім өндірушілерін күйзеліске ұшыратпақ - Қызылорда облысындағы шаруашылық басшылары - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Егін суаратын суға баға көтеру ауылшаруашылығының өнім өндірушілерін күйзеліске ұшыратпақ - Қызылорда облысындағы шаруашылық басшылары

Егін суаратын суға баға көтеру ауылшаруашылығының өнім өндірушілерін күйзеліске ұшыратпақ - Қызылорда облысындағы шаруашылық басшылары

Егін суаратын суға баға көтеру ауылшаруашылығының өнім өндірушілерін күйзеліске ұшыратпақ. Суға белгіленетін жаңа тарифтерді қарауға арналған қоғамдық тыңдауда Қызылорда облысындағы шаруа қожалығының басшылары осындай пікір білдірді.

  • 3 Наурыз 2004
  • 657
Фото - Caravan.kz

2004-жылдың 1-сәуірінен бастап судың жаңа тарифін бекіту туралы өтініш табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі облыстық департаментке осындағы 11 монополистен келіп түкен. Олардың арасында «Қызылорда су шаруашылығы» ҚКК-ның салалық кәсіпорындары да бар. Бұл кәсіпорындар егін суаруға арналған су бағасын бір текше метрі үшін қазіргі 3,32 тиыннан 5,05-6,56 тиынға дейін көтеруге құлық танытып отыр.

Шаруа қожалықтарының басшылары, облыстық және қалалық мәслихаттың кейбір депутаттарының пайымдауынша, судың бағасын көтеру ауылшаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнына әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге негізгі су тұтынушы болып табылатын ауылшаруашылығының өнім өндірушілерін тақырға отырғызуы мүмкін. Монополияға қарсы күрес мекемесінің директоры Нұрлан Пірімовтың айтуынша, бағаны көтеруге өтініш бергендердің арасында «Водоканал» да бар. Бұл кәсіпорын өз өтінішін құбырлардың тозығы жеткендігімен түсіндіреді. 2003-жылы «Водоканал» мекемесінің су құбырларында мыңнан астам апат шықты. Мәселені талқылаудан кейін облыстық мәслихат депутаттары аймақтағы су қондырғыларын жөндеуге қаржы бөлу мәселесін алдағы сессиялардың бірінде қарау туралы шешімге келді.
Тариф өзгерту турасындағы ақырғы шешім 15 наурызда қабылданады.

Соңғы жаңалықтар