Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиға орын алған ауданда барлық мекеменің қызметі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Египеттің Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Facebook желісінде хабарлады.
Министр Ясмин Фуад Сахли Хашиш курорттық аймағында суға түсу кезінде екі әйел акуланың шабуылынан қайтыс болғанын айтты. Ол ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мамандардан жұмыс тобы құрылғанын атап өтті.
Сондай-ақ оқиға орнына жақын жерде барлық әрекеттерді тоқтату туралы шешім қабылданды.
"Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қайғылы жағдайдың мән-жайын зерттеуге маманданған жұмыс тобы акуланың екі зардап шеккен әйеелге қатысты әрекетінің нақты себептерін анықтау бойынша өз міндеттерін орындап жатқанын растайды", – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салайық, бір күн бұрын Хургада курорттық қаласында акула туристке де шабуыл жасаған болатын. Құтқарушыларды көмекке шақырған қонақүй қонақтарының көзінше жыртқыш жәбірленушінің қолы мен аяғын тістеп алған.