Египет полициясы 300-ге тарта сәбиді сатқан қылмыстық желінің мүшелерін тұтқындады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Египет полициясы 300-ге тарта сәбиді сатқан қылмыстық желінің мүшелерін тұтқындады

Египет полициясы 300-ге тарта сәбиді сатқан қылмыстық желінің мүшелерін тұтқындады

Египетте сәбилерді сатумен айналысқан жергілікті бес тұрғынды тұтқындады, деп хабарлады жексенбі күні жергілікті полиция.

  • 12 Қараша 2012
  • 262
Фото - Caravan.kz

Интерфакстың хабарларлауынша, тұтқындалғандардың арасында екі мейірбике мен дәрігер бар, олар Каирдегі госпитальдардың бірінде жұмыс жасаған. Ал медициналық мекеменің басқарушысы полициядан бой тасалап үлгірген.

Соңғы үш жылда қылмыстық желінің мүшелері 300-ге тарта сәбиді орташа бағамен 570 долларға сатып келген.
Олар түсік жасауға кеш болып, баладан бас тартқан әйелдердің ішін жарып босандырған. Қылмыскерлер балаларды бедеу отбасыларына сатып отырған. Ал Египеттің заңнамасына сәйкес балаларды асырап алуға тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар