Египет қазақстандықтарға виза беру тәртібін жеңілдетуі мүмкін
Египет билігі әуежайларда Қазақстан азаматтарына туристік виза беру мүмкіндігі туралы мәселе қарастыруда. |
ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, бұл мәселе Египеттегі Қазақстан елшісі Бақтияр Тасымовтың осы елдің Туризм министрі Мунир Факри Абдель Нурмен бүгін Каир қаласында өткен кездесу барысында талқыланды.
"Тараптар Египет әуежайларында қазақстандық азаматтарға туристік виза беру туралы екі ел үкіметтері арасындағы келісімді қарастыру және қол қоюды жеделдету мәселесін сөз етті", делінген хабарламада.
М.Ф.Абдель Нур кездесу кезінде атап өткендей, виза беру тәртібін жеңілдету қазақстандық туристер санының біршама артуына ықпал етпек, бұл ең алдымен мысырлық туристік компаниялардың мүддесіне сай келеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін